Пәннің міндеттері

Пәннің міндеттері мыналар: сенімділік теориясының негізгі анықтамалары мен ережелерін, технологиялық машиналардың элементтері сенімділігінің негізгі параметрлерін, істен шығу ағынын үлестіру заңдылықтарын, істен шығуды жіктеуді, сенімділік теориясының математикалық аппаратын зерде-леу. Берілген пәнді зерделеу нәтижесінде студенттердің:

түсінігі болуы керек:

ықтималдықтарды үлестірудің сандық сипаттамалары туралы. Дискрет-тік және үздіксіз жүк ағындары, үлестіру параметрлері (математикалық күту, дисперсия, орташа квадрат ауытқу); технологиялық машиналарды пайдалану сенімділігінің негізгі ережелері; машиналар элементтерінің қалпына келгіш-тігі және қалпына келмеушілігі ұғымдары.

Элементтердің қалпына келгіштігі және қалпына келмеушілігі сенімді-лігінің сандық сипаттамалары: істен шықпай жұмыс істеу ықтималдығы және істен шығу ықтималдығы, істен шығудың орташа жиілігі, істен шығаруға жасалған жұмыс, сеніміділік коэффициенті.

Жөндеуге жарамдылық сипаттамалары: әзірлік коэффициенті, техника-лық пайдалану коэффициенті, орташа қалпына келу уақыты, ағымдағы жөндеу уақыты, ағымдағы жөндеудің меншікті құны, күрделі жөндеудің құны және еңбек сыйымдылығы, күрделі жөндеудің меншікті еңбек сыйым-дылығы, істен шығу, істен шығу коэффициенті, бос тұру, салыстырмалы бос тұру коэффициенті.

Ұзақ мерзімділік сипаттамалары: технологиялық машиналардың негізгі элементтерінің ресурсы және қызмет ету мерзімі, физикалық тозу, тозу қарқындылығы, қызмет ету мерзімін болжау. Артықшылық және қалаулылық функциялары. Істен шығу ағындары. Істен шығу ағынының қарқындылығы және параметрлері. Істен шығу ағынын үлестіру заңдары: қалыпты заң, пуассон ағыны, Эрланг ағындары.

білуі керек:

технологиялық машиналармен орындалатын негізгі өндірістік функция-ларды, технологиялық машиналарды жобалау мен таңдаудың негізгі мәселе-лерін, пайдаланылатын машиналардың негізгі техникалық сипаттамаларын: өнімділікті, қызмет ету мерзімдерін, энергиямен жарақтанғандықты, тұтынылатын энергияның шамасын.



жасай білуі керек:

өндірістік жағдайларда пайдалану шарттарына байланысты технология-лық машиналарды таңдауды, оларды апатсыз пайдалануды жөнге келтіруді, алдын алуды, тексеру мен ағымдағы жөндеуді ұйымдастыруды, қосалқы бөлшектермен жабдықтау мен қамтамасыз етуді.

практикалық дағдыларды иеленуі керек:

технологиялық машиналардың сенімділігі көрсеткіштерін анықтау бойынша, технологиялық машиналардың негізгі элементтерінің істен шығу-ын алдын алу, шектес өндірістердің технологиялық процестері саласында.


9301111130998129.html
9301142939927114.html
    PR.RU™